Головкин «Канелодан» жеңілгеннен кейін спорттан шеттетілді
Бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альварестен жеңілгеннен кейін спорттан уақытша шеттетілді.
Бұл туралы Sports.kz порталы жазды. Невада штатының Атлетикалық комиссиясының шешімімен Геннадий Головкин 31 қазанға дейін шаршы алаңға шықпайтын болды. Ал «Канело» 15 қарашаға дейін спорттан шеттетілді. Аталған шара спортшылардың жекпе-жектен кейін қалпына келуі үшін қолданылады. Айта кетсек, 16 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі болды. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті "Канелоға" берген еді. (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.