Бұл туралы Sports.kz порталы жазды.
Невада штатының Атлетикалық комиссиясының шешімімен Геннадий Головкин 31 қазанға дейін шаршы алаңға шықпайтын болды. Ал «Канело» 15 қарашаға дейін спорттан шеттетілді. Аталған шара спортшылардың жекпе-жектен кейін қалпына келуі үшін қолданылады.
Айта кетсек, 16 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі болды. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті «Канелоға» берген еді.
(115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.