Депутат Владимир Божко сенатор Бірғаным Әйтімованың мәлімдесіне орай өзінің пікірін білдірді. Естеріңізде болса, сенат депутаты күні кеше ғана жалақыны гараж қызметкерімен тең аламын деп, айды аспанға бір-ақ шығарған еді.
Халық қалаулысынң сөзінше, мәжілісмендер түрлі саяси сауалдарға жауап беріп, көптеген ақпаратты игере алуы керек .
«Халықтың көңілінен шығып, олардың мүддесін қорғау – оңай шаруа емес. Жалпы адамдармен жұмыс істеу өте қиын, міне осымен үш жылдан асты осында жұмыс істеп жатқаныма», — дейді депутат.
Сонымен бірге, ол халық қалаулыларының жалақысына қатысты ойын да ортаға салды. Айтуынша, олардың дені 1 миллионға жетпейтін жалақы алатын көрінеді. Мәжіліс төрағасының орынбасары өзінің де шамамен 1 миллиондай еңбекақы алатынын айтқан.