Қанат Ислам ауруханаға түсіп қалды
Боксшының жарақатына байланысты 23 маусымға жоспарланған жекпе-жек өтпейтін болды
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20КО) аяғын жарақаттап алды. Боксшы 23 маусымдағы жекпе-жектің неге өтпейтінін түсіндірді, деп жазады Профи Бокс Казахстана. "АҚШ-тағы жаттығу жиынында аяғымды жарақаттап алдым. 23 маусым күні рингке шығуым керек еді. Қарсылас бар. Алайда, өкінішке қарай, менің жанкүйерлерім бұл жекпе-жекті көре алмайды. Аяғым жазылғаннан кейін бірден ораламын. Шамамен 2 айдан кейін. Жанкүйерлерім рингке шығуымды ұзақ күткенін білемін", — деді ол.