Ешкім пара алып көрмеген: Маңғыстаудағы ерекше ауыл көпті тәнті етті
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданына қарасты Төлеп және Сарға ауылдарында бұған дейін сыбайлас жемқорлық деректері тіркелмепті
Маңғыстаудағы ерекше ауылға Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері де таңғалды. Айтуларынша, Маңғыстау облысы бойынша осыған дейін жемқорлыққа қатысты бірде-бір факті тіркелмеген.
Екі ауылдың тұрғындарымен кездесу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет саласы, мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі және сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселелері сөз болды.
Ауыл тұрғындары да қарап қалмай, өздерінің пікірін ашық білдірді.
Мәселен, Бейнеу мектеп-интернатының әлеуметтік педагогы Айжақсы Жетпісова, ауылда сыбайлас жемқорлық деректерінің бұрын болмағанын және бұған дейін облыс орталығынан Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің келмегендігін айтып өтті.