Басты жаңалықтар

Қаласам, жынысымды да өзгертем: Атышулы Айжан Байзақова тағы да сынға ілікті (видео)

Атышулы  блогер Айжан Байзақован өзін пластикалық оталары үшін сөккен оқырмандарын орнынан қойып, жыныс мүшесін ауыстырып жіберсе таңғалмауын ескерткен 

Блогер желідегі парақшасына видео жүктеп, өзін жасандылық үшін сөккендерге жауап қайырды. Ашық суреттерінің арқасында жұртшылық танып-білген ару пластикалық ота арқылы қолы жеткен жетістіктері үшін ұялмайтынын айтқан.

Оған қоса, бойжеткен пластикалық оталарды жасау үшін көпшіліктің пұқсатына жүгінбейтінін түсіндіре кетті. Сөз соңында Байзақова үлкен мәлімдеме жасап, жұртты таңғалдырды.

"Өз пластикалық оталарымды мен ешқашан жасырған емеспін. Сол себепті, маған жасандысың деп айыптаудың дым қажеті жоқ. Қалағанымды істедім, ризамын. Қаласам тіпті, жыныс мүшемді де жасатып тастаймын." , - деп жазған видеосының астына ару.

Желі оқырмандары атышулы бойжеткеннің бұл мәлімдемесіне наразы болып, өзінің жағымсыз пікірлерін жазба астына жаудырған.

"Ұят жоқ, қалмағаны сол еді. Жынысын ауыстырып тастасаңшы ақыры болды", "Бұл қыз ұят дегенді білмейтін көрінеді. Не деген сұмдық", "Ата-анасы қайда қарап отырады осы қыздың? Сені балалар көреді ғой. Қандай тәрбие беріп жатырсың?" , - деп жазды оқырмандар. https://www.instagram.com/p/Bn4CEKJnxE2/?utm_source=ig_web_copy_link