Басты жаңалықтар

Ғалымдар: Қант - артық салмақпен күресуде таптырмас құрал

Американың ғалымдары манноза қантының артық салмақпен күресудегі таптырмас құрал екенін анықтады

Тышқанға тәжірибе жүргізген Американың ғалымдары маннроза қанты артық салмақпен күресуге көмектеседі деген қорытындыға келді. Бірақ, ол кері әсерін тигізбеуі үшін оны адам бала күнінен бастап қолдануы тиіс екен. Ағзадағы зат алмасудың дұрыс жүруінде адам микрофлорасы үлкен рөл ойнайды. Сол себепті, ғалымдар адамның артық салмақ жинап алуын осы метаболизммен байланыстырады. Тәжірибе жұмысы барысында ғалымдар тышқандардың ішегіне "сау" микрофлораларды енгізу арқылы олардың салмағын кемітуге болатынын анықтады. Әдетте арық адамдарда микрофлорасы әртүрлі әрі бай болса, олардың ішегінде майлы тағам салдарынан бактериялар көбейеді. Бұл бактериялар өз кезегінде салмақ қосу процесін жылдамдатады. Осы орайда америкалық ғалымдар микрофлораны қайта "бағдарламалап", оның майлы тағамға қарсы тұра білу қасиетін арттырудың жолын тапты. Бұл үшін қантты маннозамен алмастыру қажет. Яғни манноза құрамы глюкозаны алмастыра алатындай болуы тиіс. Ғалымдар кішкентайынан манноза жеген тышқандардың артық салмаққа шалдықпайтынын анықтады. Олар маннозаның адам ағзасына дәл осылай әсер ететініне сенімді.