Құтқарыңдар деп өтінген: ШҚО-да мүгедек әйел тірідей жанып кетті (фото)
Шығыс Қазақстан облысында 60 жастағы жарымжан үйінен шыға алмай, тірідей жанып кетті
Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Парыгино ауылында жеке үйдегі өрт кезінде мүгедек әйел қаза болды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Өрт үйде жалғыз қалған 60 жастағы әйелдің үйінен бейсенбі күні таңғы сағат бесте шыққан. Құтқарушылар атап өткендей, әйелдің жүріп-тұруы қиын болғандықтан үйден өзі шыға алмаған. Ол көршілеріне қоңырау шалып, оларды көмекке шақырған. Дегенмен, жалын үйге жылдам жайылып кетіп, адамдар өртеніп жатқан ғимаратқа кіре алмаған. Өрт сөндірушілер бөлімі 35 шақырым қашықтықта орналасқан, сондықтан олар келем дегенше үй толық өртеніп кеткен. Әйел қаза болды. Жалын 80 шаршы метр аумаққа шарпыды.