Басты жаңалықтар

Жүрегі оң жақта: Ішкі ағзалары ауысып кеткен сәбидің өміріне дәрігерлер арпалысуда

Балқашта ішкі ағзалары ауысып кеткен баланың жағдайы өте ауыр болды. Ақ халаттылар дереу жасаған отаның арқасында ғана сәбидің өмірін сақтап қала алды

Ерекше сәби дүниеге 24 тамыз күні келген. Қыз баланың ішкі ағзалары орындарымен ауысып кеткен.  Бойы мен салмағы жақсы болғанымен, денсаулығындағы кінәраттар өте көп. Біріншіден, балақайдың жүрегі оң жағында орналасқан екен. Оған қоса дүние есігін енді  ашқан балақайға   диафрагмалы жарық ауруы, туабітті пневмония, өкпелердің гипоплазиясы, жаңа туған нәрестенің гемморагиялық сырқаты, асқазанға қан кету, ішектің парезі және анемия диагнозы қойылып, жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Нәрестені көлікпен тасымалдаудың өзі қауіпті болғандықтан, дәрігерлер шақыртылып, сәбиге облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері келіп, ота жасады. Лапаротомия жасап, плевра қуысынан ішкі ағзаларын алып тастады. Бауырдың сол жақ бөлігінен және көк бауырынан диафрагмалы жарықты алды. Қазіргі уақытта нәрестенің жағдайы  қалыпты жақсы. Ол жақын күндері үйіне шығарлады.