Басты жаңалықтар

GGG келесі жекпе-жегін кіммен өткізген дұрыс?

Отандық боксшы Головкин мексикалық спортшы Сауль Альварестен жеңілгенен кейін бұқаралық ақпарат құралдары оған келесі жұдырықтасуды кіммен өткізген тиімді болатынын анықтауда

Головкиннің келесі жекпе-жегіне қатысты ойларын oxingInsider.com ақпараттық агенттігі айтып көрді. «Головкин – Сондерс шайқасы бұған дейін де біраз талқыланған болатын. Қазір енді бұл жекпе-жектің өтуіне тиімді сәт туып тұр. Ол Головкинге әлем чемпионы атағын қайтарып алуға мүмкіндік берер еді. Ал, Лемьені жеңген Сондерске тағы да сәтті өнер көрсетуге мүмкіндік ашылды. Сондерс Головкинді жеңе алса оның беделі арта түседі. Головкинге бокста тағы не қалды? Ол орташа салмақ дәрежесінде өзінің кім екенін бәріне дәлелдей алды. Бірақ, оның енді салмақ санатын өзгерту-өзгертпеуі екі талай. Головкин жиырма рет жекпе-жекке шығып, өз атағын қорғап шықты. Енді, оған былғары қолғабын іліп қойып, өмірдің рахатын көре беруге де болады. Бірақ, әрине біз «Канеломен» мен тағы бір айқасты көргіміз келеді. Егер Головкин жеңіске жетсе, онда бізді төртінші шайқас күтіп тұр»- деп жазады басылым. Естеріңізге сала кетейік, халықаралық бокс ұйымы  Альварестен тартып алған әлем чемпионы атағын  Головкинге қайтарып алуға мүмкіндік берген еді.