Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қарағандыда әскери борышын өтеп жатқан сарбаз өзін атып жіберді

Бауыр еті баласынан айырылған Тимур Нұрмановтың ата-анасы оның өз -өзіне суицид жасағанына сенбей отыр

21.09.2018
0
Қарағандыда әскери борышын өтеп жатқан сарбаз өзін атып жіберді

Қарағандыда келісім шарт бойынша әскери  қызмет атқарып жүрген кіші сержант Тимур Нұрманов өзіне тура маңдайынан оқ атқан деген ақпарат тарады. 22 жастағы Шымкенттің тумасы суицидті казармада жасаған делінген болатын.

Алайда қайтыс болған жігіттің туыстары ұлдарының өз еркімен мұндай сұмдық қадамға барғанына сенбейді. Олар Тимурдың қызметтестері немесе басшылықтан қандай да бір қысым көрген болуы мүмкін екенін алға тартады.

Тимур Нұрманов Отан алдындағы борышын Қарағандыдағы 6505 әскери бөлімшеде өтеген болып шықты. Ол әскерден соң сол жерде келісім-шарт бойынша қызмет етуге қалған.

Туыстарының сөзінше, жігіт әскери бөлімшеде үш жыл бойы басшыларынан тек қана мақтау естіген. Сондықтан оның өзін өзі өлтіруге себебі болмаған деп отыр олар

«Біреумен ерегескен болса, командирлері білу керек еді. Ал өзі мына жерінен мылтық қойып кім атады? Ауру емес, сау адам. Қысым көрсеткен бір адам. Әйтпесе өзін өлтірмес еді», — дейді марқұмның атасы Тайыр Нұрманов.

Қайғылы оқиға колония жанындағы казармада орын алыпты. Сағат түскі төрттер шамасында саптың соңында келе жатқан ол баспалдақта Калашников автоматымен өзінің маңдайынан атып жіберіпті.

Енді тергеушілер оқ-дәріні алуға бара жатқан сарбаздың қаруы неліктен оқтаулы болғанын анықтауы тиіс.

«Бұл жағдайға байланысты қызметтік тексеру тағайындалды. Болған оқиғаны әскери  прокуратураға, Ішкі істер министрлігінің тергеу басқармасына хабарладық. Біздің әскери бөлім ұжымы сарбаздың жақындарын қайғырып көңіл айтады», — дейді 6505 әскери бөлімінің командирі Аян Есжанов.

Марқұмның туыстары Тимурдың үйленуге дайындалып, тіпті сол мақсатта ақша жинап жүргенін айтты. Немересімен жуырда телефонмен сөйлескен әжесі де оның сөздерінен ешқандай күдік сезбедім дегенді айтты.

Тиісті сараптамалардан кейін үнемі көңілді жүретін тимурдың денесі мырыш табытпен Шымкентке жеткізілмек. Марқұмның жерлеу рәсімі сенбі күні өтеді деп жоспарланып отыр.

Бөлісу11Твит7
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6022 бөлісу
    Бөлісу 2409 Твит 1506
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3203 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1405 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 351
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1377 бөлісу
    Бөлісу 551 Твит 344
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.