Ақтөбелік полицейлерге шабуыл жасауды жоспарлаған 147 радикал ұсталды
Облыстық ІІД басшысы Махамбет Абисатов құзырлы орган қызметкерлеріне шабуыл жасауды жоспарлаған 147 радикалдың ұсталғанын мәлімдеді
"Жақсылық жария болмауы керек. Біз мұны ешқандай пиарсыз, тып-тыныш жасадық", - дейді Абисатов.
Десе де департамент басшысы ақпараттың мән-жайын толығымен айтпады.
Тек кейін белгілі болғандай, ұсталған күдіктілердің саны 147 екенін анықталды.
"Терезелердегі темір торлар азаматтардан тасалану үшін қойылған жоқ. Бұл -антитеррорлық қорғаныс. Бөлімшелерде де қару мен оқ-дәрілер бар. Министріміз азаматтар бізге еш кедерегісіз келуі керек, дейді. Біз оған жағдай жасап жатырмыз. Қазіргі кезде неше түрлі атаулар ойлап тауып жатыр. Оларды айтып жатқанда, бейәдеп сөз айтып қоюдан қорқасың.
Полиция бөлімшелеріне кез келген адам тез арада жүгіне алуы үшін open-кеңселер ашу керек деп жатыр. Бізде бұл мәселе онсыз да тез арада шешіледі. Азаматтар полицияға келгенде, көп уақыт күтіп отырмайды", - деді Ақтөбе облыстық полиция басшысы.
Депутаттар болса, полицейлер өздерін қорғаймыз деп, тергеуші немесе анықтаушының қабылдауына кіру үшін сағаттап кезек күтетін азаматтарды ұмытып кетпеуін сұрады.