Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жұмысын сынап тастады
ҚР Парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жұмысын сынға алып, заң шығару процесіндегі кемшіліктерді атап көрсетті
Сенат төрағасы заң жобалау жұмысының төмен деңгейде екенін айтып, оның заң шығару процессіндегі жүйесіздікке, кодификацияланған актілердің ретсіз түзетілуіне әкеп соғатынын атап өтті. Сондықтан заң нормалары құқықтық ахуал жасаудың орнына, тез өзгеріп отыратын құбылмалы жағдайлардың салдары болып табылады.