Басты жаңалықтар

217 оқушы сабақта болған: Павлодар облысында мектеп өртеніп кетті

Павлодар облысы Иртышск ауылындағы орта мектепте сабақ уақытында өрт шықты

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 21 қыркүйекте сағат 11.30-да №3 мектептің екі қабатты ғимаратында өрт шыққан. Өрт бірінші қабаттағы техникалық персонал отыратын бөлмеден басталыпты. "230 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның 217-сі бала. Өрт 10 минуттан кейін ауыздықталды. Ал 50 минуттан кейін толық сөндірілді", — деп хабарлайды департаменттегілер. Абырой болғанда, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.