Мемлекет басшысы Тимур Жақсылықовты өзінің көмекшісі етіп тағайындады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тимур Жақсылықовты президенттің көмекшісі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды
Бұл ақпарат туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. "Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі бол тағайындалсын", - делінген Ақорда жариялаған мәтінде.
Естеріңізге сала кетсек, елбасы бұған дейін Ғабит Байжановты өзінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы етіп тағайындаған болатын.