Басты жаңалықтар

Қызу талқыға түскен көкпар жайлы клип түсірген "Алашұлы" жігіттері көпті тәнті етті

Көкпар жайлы клип түсірген "Алашұлы" жігіттері тыңдармандарын тағы бір мәрте сүйсінтті

Біраз уақыттан бері ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалында қырғыздардан ойсырай жеңілген қазақ көкпаршылары сынға ілігіп жүр. Тіпті "ұлттық ойынды аяқ асты етті" деген жандардың реніші әлі де болса басылмаған сыңайлы.

Осы орайда, Алаштың ұлдары орындаған ән көпшіліктің көңілінен шығып, көкпар жанкүйерлерінің еңсесін бір көтеріп тастағандай.

https://www.instagram.com/p/Bn5Vp9ilaaD/?utm_source=ig_web_copy_link

Кейін белгілі болғандай, аталмыш ән күні кеше киносүйер қауымға жол тартқан "Время стойких" фильмінің саундтрегі екен.

Қырғыз режиссері түсірген аталмыш туындыда қазақстандық танымал актер Асылхан Төлепов пен актриса Гүлназ Жоланова басты рөлді сомдайды.

Айта кетерлігі, бұл фильмде "Алашұлы" тобының "Қазақпын" әні де шырқалады.

https://youtu.be/rK7tKUtW6dQ