Басты жаңалықтар

Қазақ еліне белгілі Тұрлыxановтар әулеті аялаған қыздарын ұзатты (видео)

Барша қазақ жұртына белгілі Тұрлыxановтар әулетінде той. Бұл жолы танымал отбасы қыздары Әйгерімді құтты жеріне қондырды

Әулеттерінде болған қуанышты жаңалығымен әнші Гүлнұр Оразымбетова желідегі парақшасында бөліскен.

"Бүгін қазақ еліне белгілі Тұрлыxановтар әулетінің аялаған гүлі Әйгерімді ұзаттық. Бақытты болыңдар!" , - деп жазды әнші.

Өнер иесінің бұл жазбасы желі оқырмандары арасында қызу талқыға түсті. Себебі оқырмандар Тұрлыxановтар әулетінде нақты кімнің қызы тұрмысқа шығып жатқанына қызығушылық танытты.

Сондай-ақ желі қолданушылары бойжеткенге ақ тілегін қарша боратып, жылы лебіздерін жазып жатты.

https://www.instagram.com/p/Bn_6mH9lAYJ/?utm_source=ig_web_copy_link