Басты жаңалықтар

Өзімшіл: Қолшатырын әйелге ұстатып қойған Айқын жұртқа жақпай қалды (фото)

Әнші Айқын Төлепберген өзінің түсірілім барысынан сурет жариялаймын деп,  желі қолданушыларының қатал сыңына ұшырады

Айқын  өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында  түсірілім барысынан сурет жариялаймын деп, оқырмандарына жақпай қалды.

Әнші желі қолданушыларына  көрсеткен суретте оның стол үстінде жайғасып отырғанын байқауға болады. Ал жанында қара киінген әйел адам қолшатыр ұстап, жұлдызды көлеңкелеп тұр.

"Түсірілімнен шаршап кетсек осылай демаламыз. Қазақша үзіліс", - деп жазба қалдырған ол.

Айқынның суреті желі қолданушыларының ашуын келтіріп, көпшілік оны "жұлдыз ауруына" шалдыққан деп сөкті.

"Қолшатырды өзі ұстаса қолы түсіп қалады ма? Өзімшіл адамдарды ұнатпаймын", "Мен қандай керемет жұлдыз болсам да қолшатырды өзім ұстар едім немесе үстеліме жабыстырып қояяр едім", "Қызметшілері бар екенін көрсеткісі келіп салған сияқты", - деп пікір қалдырған оқырмандар.

https://www.instagram.com/p/Bn5XJarjfnm/?utm_source=ig_web_copy_link