Басты жаңалықтар

Зейнеп Ахметова шалбарланған журналистке сұхбат бермей қойды

Журналист: Баламды массажға жеткізіп, спорт киімімен жүгіріп жүріп соңғы ақшама таксиге отырып жеткен едім.

Ақтөбеде орын алған оқиғаны журналистің өзі желідегі парақшасында баяндап берді. Айтуынша, өзіне берілген тапсырманы орындау үшін өңірге келген Зейнеп Ахметовадан пікір алуға асығады. Алайда сұхбат алуға келгенде көңілі судай басылыпты.

"Таң атпай баланы массажға апарып келіп, сол күйі асығыс "Анаға тағзым" ғимаратына жүгірдім. Үстімде спортивка. Досикті (журналистің баласы ред.ескертпе) массажға тасып жүріп, белімді ауыртып алған соң, шойнаңдап жүрген қалыппен көйлек кию ерсі көрінді.  width= Қалауша апайды құттықтап, апаның қайда екенін сұрадым. "Өнер орталығына" беттепті. Жақсы. Соңғы 500 теңгеме такси ұстап, ғимараттың алдынан түсіп қалдым. Слет басталып кеткен. Ішіне кіріп мазалауға ыңғайсыз. Сол күйі фойеде 2,5 сағат шараның бітуін күттім", - деген журналист.

"Таныс журналистер бағыт берген соң, бір сағаттай кідіріп, "Шығармашылық академиясына" беттедім. Раукен Отыншинмен келді. "ША"-ның басшысы көрмені аралатып болғанша күттім. Бір кезде қасына жақындап, амандасып, шалбар киіп келгеніме кешірім сұрап, бірауыз пікір сұрадым. Маған жақтырмаған күйі көз тастады да, "шалбар киген журналиске сұқбат бермеймін" деді. Тосылып қалдым. Жүріп кетті", - дейді Гүлсая Ыбырай.

Журналистің жазуынша, ол даңқты батырдың келінімен сұхбатқа әбден дайындалған. Тіпті, этнограф-жазушының бүкіл кітабын оқып шыққан екен.