Гүлназ Әлімгерей мен Нұрдәлдә Ораз тойларда ән айта бастады (видео)
Қос журналистің дуэтіне таңдай қаққан көпшілік, оларға клип түсіруге кеңес берді
Журналистика факультетінде бірге оқып, кейіннен шаңырақ көтерген бүгінде әріптес жұбайлар осы салада халыққа айтарлықтай танылып үлгерген. Қос тележүргізушінің жеке өмірін, отбасын желі арқылы тамашалап, қадағалап отыратын халықтың саны да аз емес. Бүгінде Нұрділдә Ораз бен Гүлназ Әлімгерей үш бала тәрбиелеп отыр. Достары мен туыстарының арасында екеуі дуэт болып ән салып тұратындарын айтып, сондай сәттердің бірінен виде үзінді жариялаған еді. Халық бірден ұнатып оларға эстрада саласына ауысуды ұсынғандар да болды.