Басты жаңалықтар

"Junior Eurovision" халықаралық байқауында еліміздің намысын Данэлия Төлешова қорғайды

22 қыркүйек күні Алматыда республикалық "балалар Евровидениесінің" ақтық сыны болып,  ел намысын қорғау мүмкіндігі үшін аса дарынды он балақай бақ сынасты

Алматыда өткен республикалық байқаудың финалистері өз әндерін алғаш рет  тікелей эфирде орындаған болатын. Ауқымды іс-шара бір жарым сағат бойы "Halyk Arena" алаңында болды.

https://www.instagram.com/p/BoCQ4d0njNE/?utm_source=ig_web_copy_link

Үміткерлер  тек әндерін ғана шырқап қоймай, нағыз кәсіби әртістерге сай шоу жасады. Алаңға жиылған көпшілік әрбір шырқалған әннен кейін өз қошеметтерін аямай отырды.

"Балалар Евровидениесіне" ел атынан бір-ақ бала бара алатын болған соң, оны әділқазылар алқасы мен қазақстандықтардың дауыс беру көрсеткіші арқылы анықтады.

Ең көп дауыс жинаған әнші болып Данелия Төлешова табылды.

https://www.instagram.com/p/BoCLvCwBEPI/?utm_source=ig_web_copy_link "Мен қатты қуаныштымын. Бүгін біз ерте тұрдық. Әдетте ерте тұрған күндері мен қатты шаршаймын. Бірақ бүгін ондай сезім бойымда мүлде жоқ. Мен қолымнан келгенннің барлығын істедім. Қатты қобылжыған кезде үнемі қалағанындай ән сала алмайсың. Маған аянбай дауыс берген әрбір жанкүйеріме алғысым шексіз" , - деді Данелия.

Ел сүйіктісіне айналып үлгерген әнші екінші орын иегерін 946 дауысқа басып озған.

https://www.instagram.com/p/BdiPpd0lhZn/?utm_source=ig_web_copy_link

Жеңімпаз қыз Seize the Time әнін орындап жеңіске жетті. Енді ол бұл әнді Мнискіде өтетін халықаралық додада шырқап, еліміздің намысын қорғайтын болады.