Басты жаңалықтар

Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің туған сіңлісінің ұзату тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Отандық әнші Ерке Есмахан өзінің туған сіңлісін тұрмысқа берді. Ақтөбеде дүркіретіп өткен ұзату тойында әртістің өнердегі достары келген

https://www.instagram.com/p/BoBwZ-zhc0W/?utm_source=ig_web_copy_link Әншінің өмірде ғана емес, шоу-бизнесте де жанында болып, үнемі қолдап жүретін Ақбөпе есімді сіңлісі сүйіктісі Тимурмен бас қосты. https://www.instagram.com/p/BoFR28vF4j5/?utm_source=ig_web_copy_link Нұржан Керменбаев, Гүлнұр Оразымбетова, Бейбіт Көшқалиев, Айнұр Тұрсынбаева сынды өнер жұлдыздары келген тойдың қызықты сәттерімен әншінің өзі желідегі парақшасында белсенді бөлісіп отырды. https://www.instagram.com/p/BoE-McPhWz_/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.instagram.com/p/BoFAaGGHJS7/?utm_source=ig_web_copy_link Ақтөбедегі мейрамханалардың бірінде өткен той тізгінін қызылордалық әзілкештер ұстаса, ал әнші Гүлнұр Оразымбетова  дүбірлі тойдың басты себепкерін ортаға өз әнімен алып шыққан. https://www.instagram.com/p/BoE71auBBmf/?utm_source=ig_web_copy_link

Сондай-ақ, өзге отандық әншілер де өздерінің хит әндерін орындап, қонақтардың көңілін көтерген.

https://www.instagram.com/p/BoErgpNFv81/?utm_source=ig_web_copy_link