Басты жаңалықтар

Ұят: Жұлқына билеген Кәмшат Жолдыбаева жұрттан оңбай сөз естіді (видео)

Отандық шоу-бизнестің өкілі Кәмшат Жолдыбаеваның үлкен кісілер алдында жұлқына билегенін ерсі санап, оны аяусыз сынап тастады

Соңғы кездері ел арасында қызу талқыға түсіп, үнемі сыңға қалып жүрген Кәмшат Жолдыбаева тағы да дауға қалды. Бұл жолы көпшілік әншінің той үстіндегі биіне наразылық білдірген.

Желі қолданушылар Кәмшаттың үлкен кісілердің алдында жұлқына билегенін сынап, өзінің жағымсыз пікірлерін ашық түрде білдірген.

https://www.instagram.com/p/BoBkD3NHBOb/?utm_source=ig_web_copy_link "Тойдың сәнін құртқан екен. Түсінбеймін осы әншіні тойға не үшін шақырады?", "Ұят", "Саған емделу керек Кәмшат. Бұрындары қандай едің, енді қандай болып кеттің?", "Өзін керемет санап тұр ғой тегі. Не би мынау кілең үлкен кісілердің алдында тойдың сәнін кетірді" , - деп сынап жазды оқырмандар.