Басты жаңалықтар

Тимур Сүлейменов: Ақшаны долларға салған, оны көмгенмен бірдей

Экономика министрі Тимур Сүлейменов қазақстандықтарға ақшаны долларда сақтамауға кеңес берді

“Әркім өзінің қаржылық стратегиясын таңдайды. Біреу ақшаны пәтерге салғысы келеді, екіншісі жерге, тағы да басқа біреу кәсіпке, балаларының біліміне, тәрбиеге, мәдениетке, долларға салғысы келеді. Бұл әр азаматтың шешімі. Біз ешбір жағдайда оған бұйрық бермеуіміз керек”, — дейді Сүлейменов. Оған қоса,  министр  ақшаны долларға салу — оларды көмумен бірдей екенін де жеткізді. “Балалардың біліміне, тек валютаның ауытқуына байланысты түрленетін емес, керісінше жаңа нәрсенің пайда болуына, шығуына байланысты дамитын кәсіпке салу керек. Барлық жағдайды Елбасы жасап қойды. Бізде кәсіптің жол картасы, жаппай кәсіпкерліктің бағдарламасы бар. Осыған бізге әлеуметтік бастаманың негізінде қосымша түрде ақша берді. Бар болғаны құштарлық керек”,—деді министр.