Намыс қайда?: Мәжілісте орысша сөйлеген шенеуніктер депутаттан оңбай сөз естіді
Үкімет сағатында орыс тілінде сөйлеген Алматы облысы мен СҚО әкімдерінің орынбасарлары мәжілісмен Бақытбек Смағұлдан сөз естіді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымы жазды. Бүгін Мәжілісте "Қазақстанның туристік саласын дамыту туралы" үкімет сағаты өтті. Оған Астана мен Алматы, Солтүстік Қазақстан мен Алматы облыстары әкімдерінің орынбасарлары да қатысқан болатын.