Басты жаңалықтар

Қартаймаймыз. Жігіт іздейміз: Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева жар болатын адам таппай жүр

Әнші 42 жасқа келіп шаңырақ көтерген өнердегі досы Асқар Меңдібаевтың үйленгенін естіп,  таңданысын жасыр алмады

"Мен осындай ақылды, білімді, сымбатты жігіттің осы күнге дейін бойдақ жүргенін естігенде таңғалдым. Өзіміз тиейік десек, адам жоқ. Кімге тиерімізді білмейміз. Қазақтар аз өзі. "Әйтеуір, бір рет барып келдік қой" деп жүрміз. Мен Асқардың басы бос екенін мүлде білмеппін", - деп ағынан жарылды Түсіпбаева.

Сондай-ақ  Меруерт ұлымен бірге 10 жылға шетелге виза алып қойғанын да айтып өтті.

"Жақын достарымыздың бәрі көшіп кетті. Менің досым "Меруерт АҚШ-та адамдар 45 жасында отбасын құрып, 50 жасында балалы болып жатады" дейді. Сонымен Америкаға барамыз. Қартаймаймыз. Жігіт іздейміз", - деді әнші.