21 қазақстандық келіншек сириялықтарға тұрмысқа шыққан
Ливандағы елшілікке келген Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сирияда ресми тіркелген отандастарымыздың қанша екенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың хабарлауынша , Сирия аумағында Қазақстаннан кеткен 22 азамат тіркелген.
Сондай-ақ олардың 21-і сириялық азаматпен некелескен нәзік жандылар екені анықталды.
Ал 22-інші ер адам Сирия шекарасына жұмыс бабымен барған.
Айта кету керек, соғыс аумағында жүрген отандастарымыз одан да көп болу мүмкін.