Бас мүфти Ақтөбедегі хиджаб дауына қатысты пікір білдірді
Серікбай Қажы Ораз айтуынша, оқушылардың хиджаб киюі мәселесінде ата-аналар мен педагогтар ортақ келісімге келуі керек
Бас мүфти Ақтөбеге арнайы осы мәселені шешу үшін келген екен. "Балиғат жасына жетпеген, тіпті, жеті-сегіз жастағы 1-3-сынып оқушыларының тағдырын тәлкек етіп, саудаға салғандай жасау — жансақ дүние. Біз ұрпағымызды білім алудан, көзі ашық, қарақты үлкен азамат болып қалыптасу жолындағы осындай мүмкіндіктерден айырмауымыз қажет", — дейді діни қызметкер. Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін ақтөбелік ата-аналар балаларын мектепке хиджабпен кіргізбей қойғаны үшін шу шығарып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Орамалын шешуден бас тартқан оқушылар келесі сыныпқа қалды.