Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Жас қыз қолын сындырып, басын жарған:71 жастағы әжей оқиғаның қалай болғанын айтты

Алматы облысындағы ауыл тұрғындары енді кішкентай қыздға осындай тәрбие берген анасы мен әкесін жауапқа тартуды сұрап отыр.

26.09.2018
0
Жас қыз қолын сындырып, басын жарған:71 жастағы әжей оқиғаның қалай болғанын айтты

Адамшошырлық оқиға Алматы облысындағы «Мерей» саяжайында болған. 16 жастағы қыз әжесіндей адамды аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды КТК.

Қалышбике Айымбетова әжей бойжеткеннен ауласына кірген малды айдап шығуын сұраған. Алайда айтуы бойынша, жас қыз оған құлақ аспапты. Бөтен малды өзі шығармақ болғанда жеткіншек әжейге жұдырық ала жүгіреді.

“Таспен ұрды  басымнан. Аузымдағы салмалы тіс қой, шығып кетті. Қан деген ағып жатыр. Қайдан ағып жатқанын білмеймін. Үстіме мініп екі аяғымен отырып алған. Жын қаққан ба, ауру ма  түсінбедім мен?!”, – дейді әжей.

Зардап шегушінің айтуынша, қыз оның үстіне шығып алып аяусыз ұра бастаған.

“Келсем, аузы, қолы қан. Шешеңнен де үлкен адам. Ұят емес пе дедім! Ол қарсыласып тұра берді бізбен”, – дейді оқиға куәгері Дінмұхамед Өтемісов.

Дәрігерлер әжейдің миына зақым келгенін, миы шайқалғанын айтады. Енді әжейге асқан күтім қажет болады.

“Науқас басынан қатты жарақат алған. Миы шайқалған. Есінде болғанымен, жағдайы ауыр. Емделгеннен кейін де ол кісіге ми жарақатына байланысты ерекше күтім қажет”, – дейді Іле аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айдар Солтанғазиев.

Алайда жеткіншектің ата-анасы қызының ондай әрекетке бармайтынын айтып бақты. Қызының әжейді ұруы мүмкін емес деп отыр.

Оқиғаға байланысты «Денсаулыққа қасақана зиян келтірді» деген бап бойынша ғана іс қозғалды. Қыз кәмілетке толмағандықтан ата-анасы айыппұл төлеп құтылуы мүмкін. Қазір бойжеткен бей-жай үйінде жүр.

Бөлісу13Твит8
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6021 бөлісу
    Бөлісу 2408 Твит 1505
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3202 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2028 бөлісу
    Бөлісу 811 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1405 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 351
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1373 бөлісу
    Бөлісу 549 Твит 343
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.