Айқын: Бірінші отбасым үйленгеніме еш ренжулі емес
Әнші алда екі отбасын қосып елдің алдында үлкен той жасамақшы
Айқын Төлепберген Қазақстан Ұлттық арнасындағы "Түнгі студия"бағдарламасына берген сұхбатында бірінші отбасының өзіне деген көзқарасы жайлы сұраққа жауап берді. Жеке өмірі жайлы сұрақтардан қашқақтаған әнші жүргізушінің соңғы сауалдарынан қашып құтыла алмады. Ол бірінші отбасының өзіне деген көзқарасы оң екенін аздап сенімсіздеу айтса да халықты сендіруге тырысып бақты.
Оның айтуынша, бірінші отбасының оған еш реніші, өкпесі жоқ. "Ең бастысы, бірінші жанұя еш ренжулі емес. Бәрі жақсы, өмір сүріп жатырмыз. Бақыттымыз. Бұл - жанұямның бір бөлшегі. Қалған нәрсені мен айтқым келмейді. Алла қаласа, келесі тойды барлық балаларыммен бірге жасаймыз", - деді ол.