Бес саусағы кесілді: Түркістан облысындағы жас жігіт кернеулі тоққа күйіп қалды
Түркістан облысында 25 жастағы Асқар Сүйінбаев кернеулі токқа күйіп қалып, оң қолындағы бес саусағынан айырылып қалды
Оқиға демалыс уақытында болған екен.
Үйінде жатқан Асқарды басшылар жексенбі күні Балдысу ауылындағы жарықты қосуға шақырған екен. Жұмысты орындауға келген төрт жігітке жарық сымдарының тоқтан ажыратылғаны айтылыпты.
Алайда қызметкерлер ток сымдарын ажырата бастағанда, Сүйінбаевты күйік шалып, қолы өртеніп кеткен.
Осы жағдайдан соң үш ай ауруханада жатқан азамат еңбек инспекциясының құқығын қорғамай отырғанына өкпелі.
Ал еңбек инспекциясы бұл істе жұмыс беруші мен жұмысшының кінәсі тең екенін айтқан. Бұл тұжырымға жәбірленушінің туыстары да наразылық білдіріп отыр. Олар бұл жағдайда жұмысшы өтемақыдан қағылатынын алға тартуда.
"Өшірдім деген. Бұл өшірдім деген кезде барған. Ол өшіп тұрған жоқ. Жұмысты бастаған кезде қосқан бас инженерлері. Алайда еңбек инспекциясындағылардың пікірі басқа. Кернеулі токтың ажыратылғаны рас, бірақ жұмыс жасау барысында ол басқа сымға тиіп кету салдарынан жәбірленуші токқа соғылған деп отыр", - деді жәбірленушінің ағасы Еркебұлан Сүйінбаев.