Зейнеп Ахметова: Балаға қылқындырып орамал тағу қай атаңнан қалған мұра еді?!
Қазақтың әйгілі батыры Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахматова жат ағымның жетегіне ерген жастардың әрекетінен қорқатынын жасырмай айтты
"Кішкентай қызды қылқындырып қара орамал салып, көгеріп, сазарып: "Қызым осы орамалмен мектепке бармаса, сендерді сотқа беремін" дегендерді өз көзіммен көрдім. Балаға қылғындырып орамал тағу қай атаңнан қалған мұра еді?! "Қазақпын деп айтпа, мұсылманмын деп айт" дейді. Соған аңқау қазақ "Әльхамдулиллах, мұсылманмын" деп отыр. Дұрыс емес.
Алдымен қазақсың, содан кейін мұсылмансың. Егер дін ұлттың үстіне шығатын болса, ұлт жойылады. Олардың түпкі мақсаты сол. Олар "Аллаға серік қосып тұр" деп келінге сәлем етуге де тыйым салады. Құранның қай жерінде "Үлкенге құрмет көрсетпе" деп жазулы екен?! Солар жылда Меккеге барғанда қара тас қағбаны жеті рет неге айналып жүр? Ол серік қосқан емес пе? Қара тасқа саусақтың ұшын тигізу үшін аяғының астындағы адам мыжылып жатса да, қарамайды. Рас, қағба қасиетті жер. Дүниежүзі мұсылмандары бас қосатын жер. Бірақ, ол Құдай емес қой", - дейді халық қаһарманының келіні Зейнеп Ахметова.