Белгілі отандық журналист қазіргі жастардың білімсіздігіне күйінді
"Айқын" газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп жас тілшілердің біліміне көңілі толмайтынын айтты
"Айқын" газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп еліміздегі дəстүрлі БАҚ-тың қалай дамып жаьқандығы жөнінде ойын айтты. Бас редактордың сөзінше. оның бүгінгі жас тілшілерге көңілі мүлдем толмайды.
"Өткенде "Жастар жүгенсіз" кетті деген тақырып қойдым. Сонда жастардан "жүген" деген сөздің мағынасын сұрадым. Сенесіздер ме, ешкім білмеді. Сонда ат əбзелдерін білмейтін жастардан не күтесіз?", - дейді журналист.
"Қазір əлемде 6-7 миллиард адам болса, солардың жартысынан көбі интернетті пайдаланады. Қазіргі жастар бүкіл ақпаратты телефонға шұқшиып отырып, оқитын болды. Тіпті өз тойларында өздері тікелей эфир жүргізетін жағдайға жетті", - деді бас редактор.
Оған қоса, редактор орыс тілінде сөйлейтін жастарды сынға алды.
"Өткенде телефоныма "Каксыз?" деген хабарлама келді. Бұл не десем, "Қалыңыз қалай?" деген мағынаны білдіреді екен. Қазір Қазақстанда 10 мыңнан астам сайт бар. Солардың тек 10% пайызы ғана қазақ тілді сайттар екен. Сондықтан айтарым, осындай жаһандық өзгерісте дəстүрлі медиа өлмейді. Ол ұлттың үні болып қала береді", - деді Нұртөре Жүсіп.