Басты жаңалықтар

Ұят: Ерке Есмахан мен Нұржан Керменбаевтың бірге түскен суреті жұрттың қызу талқысына түсті (фото)

Әнші Ерке Есмахан өзінің желідегі парақшасына әріптесі Нұржан Керменбаевпен бірге түскен суретін салып, сынның астында қалды

"Әңгіменің майын тамызып айтамын ғой", - деп суреттің астына жазба қалдырған Еркеге оқырмандар түрлі пікірлерін жаудырды.

"Нұржан сіздің әңгімеңізді тыңдап отырған жоқ-ау", "Ер адамның көзқарасына мәз болған заман-ай", "Басқасын білмедім. Бірақ Нұржанның ойы әңгімеде емес", "Ерке мына суретті көрсе, Нұржанның әйелі қызғанады деп ойламайсыз ба?", "Әйелдерін үйге қамап, өздерінің сыртта істеп жүргендері мынау", "Ұят қой. Мақтанып салатын сурет емес", "Жетіскен екенсіңдер, осындай суреттеріңмен мақтансаңдар", "Жұлдыз" дегенге жалаңаштанып біттіңдер ғой" деп ашуланды оқырмандар.

https://www.instagram.com/p/BoJDZAZnbQT/?utm_source=ig_web_copy_link