Басты жаңалықтар

Араб емес, қазақпыз: Дариға Назарбаева хиджаб мәселесіне қатысты өз ойын білдірді

Сенатор Дариға Назарбаева бет-ауызды тұмшалап, адамның келбетін тануға мұрша бермейтін киімдерге заңмен тыйым салатын жоба туралы өз ойын білдірді

"Біз араб емес, қазақпыз. Мен осыны айтқым келеді, - деп бастады сөзін сенатор. - Көбіміз қысқа шалбар киген сақалды адамдарды көргенде, оларды дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдері, кейде тіпті экстремистік көзқарастағы адам деп қабылдаймыз.

Жалпы, менің пікірімше, біздің заңнамамыз өте либералды. Барл  ық дінге демократиялық көзқараспен қараймыз. Ешкімге қысым көрсетілмейді.

Егер діни көзқарас қоғамды дамытуға бағытталып, толеранттылық пен бейбітшілікті, тыныштықты насихаттаса, онда бұл жақсы емес пе?" — деді Назарбаева сенат оқылымында.

Естеріңізге сала  кетейік, бүгін сенат депутаттары екінші оқылымда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске кері қайтарған еді.