Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Сәуле Әбединова Ахметова жайлы: Апамды қалай ақтасақ та, істегені дұрыс емес

Өңірлік журналиске шалбар киіп келгені үшін сұхбат бермей қойған Зейнеп Ахметованы анымал тележүргізуші Сәуле Әбединова сынап тастады 

28.09.2018
0
Сәуле Әбединова Ахметова жайлы: Апамды қалай ақтасақ та,  істегені дұрыс емес

Бұл туралы журналист  өзінің желідегі парақшасында хабарлады.

«Телеарна  журналистері эфирге қалай болса, солай киініп шықса, ескерту жасауға, тіпті, ұрсуға да болатын шығар. Өйткені оларда нақты түсірілім уақыты алдын-ала белгіленеді.

Ал газет, журнал маңайында жүретін журналистер таңертең автобусқа (не көлікке) барынша ыңғайлы киім киіп шығуды ойлайды. Сол киіммен шапқылап жұмысқа жетеді. Сосын не баспасөз мәслихатына, не сұхбатқа шапқылайды.

Бір жиыннан шығып, екінші жиынға, не кездесуге үлгеруге тиіс күндер көп болады.

Дресс код аса қажет ететін, тіпті, талап ететін жер болмаса, журналистер қауымына «менің қалауыммен, менің талғамыммен киініп кел» деп талап қою — апамды қалай ақтасаңыздар да — дұрыс емес.

Мүмкін, ол журналист бүгін бірінші күн жұмысқа шығып, бірінші рет бастығынан тапсырма алып, бірінші рет әбден дайындалып, бірінші рет сұхбат алатынына мәз боп жеткен шығар. Мүмкін, ол журналист — жұмыс іздеп, тәжірибеден өтіп жүрген студент шығар.

Тіпті ол журналистің басқа тәуір киімі жоқ, жағдайы жоқ шығар. Киімге қарап қарсы алып, киімді талқылайтын қоғам дәрежесінен өтіп, қашан өнер-білім-ғылымды осылай тартысты талқылар екенбіз?!», — деп аяқтады сөзін тележүргізуші.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Ақтөбеде Зейеп Ахметова сұхбат алуға келген жергілікті тілшіге  шалбармен келгені үшін сұхбат бермей қойған еді.

Бөлісу15Твит10
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6246 бөлісу
    Бөлісу 2498 Твит 1562
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3120 бөлісу
    Бөлісу 1248 Твит 780
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3327 бөлісу
    Бөлісу 1331 Твит 832
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1601 бөлісу
    Бөлісу 640 Твит 400
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2049 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 512
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    880 бөлісу
    Бөлісу 352 Твит 220
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    825 бөлісу
    Бөлісу 330 Твит 206
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2413 бөлісу
    Бөлісу 965 Твит 603
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.