Сәуле Әбединова Ахметова жайлы: Апамды қалай ақтасақ та, істегені дұрыс емес
Өңірлік журналиске шалбар киіп келгені үшін сұхбат бермей қойған Зейнеп Ахметованы анымал тележүргізуші Сәуле Әбединова сынап тастады
Бұл туралы журналист өзінің желідегі парақшасында хабарлады.
"Телеарна журналистері эфирге қалай болса, солай киініп шықса, ескерту жасауға, тіпті, ұрсуға да болатын шығар. Өйткені оларда нақты түсірілім уақыты алдын-ала белгіленеді.
Ал газет, журнал маңайында жүретін журналистер таңертең автобусқа (не көлікке) барынша ыңғайлы киім киіп шығуды ойлайды. Сол киіммен шапқылап жұмысқа жетеді. Сосын не баспасөз мәслихатына, не сұхбатқа шапқылайды.
Бір жиыннан шығып, екінші жиынға, не кездесуге үлгеруге тиіс күндер көп болады.
Дресс код аса қажет ететін, тіпті, талап ететін жер болмаса, журналистер қауымына "менің қалауыммен, менің талғамыммен киініп кел" деп талап қою - апамды қалай ақтасаңыздар да - дұрыс емес.
Мүмкін, ол журналист бүгін бірінші күн жұмысқа шығып, бірінші рет бастығынан тапсырма алып, бірінші рет әбден дайындалып, бірінші рет сұхбат алатынына мәз боп жеткен шығар. Мүмкін, ол журналист - жұмыс іздеп, тәжірибеден өтіп жүрген студент шығар.
Тіпті ол журналистің басқа тәуір киімі жоқ, жағдайы жоқ шығар. Киімге қарап қарсы алып, киімді талқылайтын қоғам дәрежесінен өтіп, қашан өнер-білім-ғылымды осылай тартысты талқылар екенбіз?!", - деп аяқтады сөзін тележүргізуші.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Ақтөбеде Зейеп Ахметова сұхбат алуға келген жергілікті тілшіге шалбармен келгені үшін сұхбат бермей қойған еді.