Ашуға булыққан шымкенттік тұрғын туған қызын пышақтап тастады
Өз қызын пышақтаған Шымкент қаласының тұрғынына қатысты сот процесі басталды
Шымкент қаласының тұрғыны өзінің 28 жастағы туған қызын ашу үстінде асхана пышағымен жарақаттаған. Нақтырақ айтқанда, кикілжің кезінде қызының арқа тұсынан екі рет пышақпен соққылаған. 1960 жылы туған Қазығұрт шағын ауданының тұрғынына ҚР Қылмыстық кодексіні 106-бабының 1-бөлігімен айып тағылып отыр. Тергеу барысында ер адам жасаған қылмысын толық мойындаған.