Басты жаңалықтар

Өскеменде аспаннан күл жауып, тұрғындарды әбігерге салды

Тұрғындар адам денсаулығына қандай да бір зияны болар деп қорқып жүр

Өскемендегі Питер коммуналары көшесін күл басып қалды. Алайда тұрғындар оның қайдан және қалай келгенін білмей дал. Көпшілік адам денсаулығына зияны бар ма деп үрейленіп жүр. Олар аспаннан қапалақтаған ақ қылауларды әуелде қар деп ойлаған.