Қазақстан туын ЛГБТ жалауына айналдырған азамат жұрттың ашуына тиді
Желіде еліміздің туын ЛГБТ жалауына айналдырған Олег Иванов есімді қызтеке жігіттің суреті қызу талқыға түсуде
Швецияға қоныс аударған қазақстандық азаматтың суретін Жан Король есімді желі қолданушысы өз парақшасында жариялады "Мемлекеттік рәмізді өзінің жеке қажеттілігіне пайдалану барып тұрған бассыздық", - деді Жан өз жазбасында.
Бұны көрген желі қолданушылары да өзінің ашуын жасырмады.
"Өзінің кімді ұнататыны өз шешімі. Ал елдің туын пайдаланып не керек?", "Балконға ту жайғаны үшін айыппұл төлетеді. Мынау қалай бостандықта жүр", "Жазалау керек", - деді бұл суретке наразылығын білдірген оқырмандар.
Мұнда заңгерлер де үндемей қарай алмады. Олардың айтуларынша, бұл азамат Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен ұлттық стандарттарына қайшы келетін әрекет жасаған. Мұндай іс үшін жеке тұлғалар 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс.
Егер ереже бірнеше рет бұзылған жағдайда жеке тұлғаларға айыппұл мөлшері 50 АЕК-ке дейін өседі.