Атыраулық әйел өзінің 17 жылдан бері жынмен "төсектес" болғанын айтып жаға ұстатты
Атыраулық Эльмира Бекқұлова басынан өткен тылсым құбылыстың сырымен бөлісті
Атыраулық Эльмира басынан өткен тосын оқиғаның 2003 жылы басталғанын айтты.
"Ең алғаш рет 2003 жылы түсте балконда ұйықтап жатқанда болды. Сонымен сирек-сирек бұл оқиға қайталанып тұрады. Оны түсімде көремін. Көзі көк, шашы сары.
Кейде түн ортасында оны сеземін. Күйеуіммен болған кездегідей қарым-қатынасты сезініп, оянып кетемін.
Сол кезде онымен "болып" жатамын да, шошып оянамын. Бір күні жыннан бала туатын шығармын.
Осыдан біраз уақыт бұрын тісіме титан салдырған едім. Ол түсіме кіріп, "Мені улап жатырсың. Мен сені қорғағаннан басқа не істедім" дейді. Аузынан ақ көбік шығып жатыр. Осыдан кейін қорқамын", - деген әйел бұл оқиғадан кейін күйеуімен ажырасқанын айтты.
Бүгінде Эльмираның төрт баласы бар. Емделуі үшін бақандай 700 мың теңгесін де жұмсапты. Тек емшілерден еш нәтиже болмапты.
Сондай-ақ бұл оқиға туралы рухани шипагер, исламтанушы Әбдінайым Қарақожаев та өз пікірін білдірді.
"Жындар мен адамдар арасында "ғашықтық" деген болады. Еркек жындар әйелдің айналасына басқа ер адамдарды жақындатпай қоятыны жайлы оқиғалар кездескен.
Мына кісі айтып тұрғандай, түсінде келеді. Осылай адам жынның жетегінде кетеді. Мұндай оқиға көбіне мұсылманша некесін қидырмаған жағдайда болады", - деп жауап берді.