Отандасымыз Түркия әуежайында өз-өзіне қол салды
Стамбұл қаласындағы Ататүрік әуежайында Қазақстан азаматы өз-өзіне қол салды
Белгілі болғандай, суицид жасаған ер адамның жасы 37-де болыпты. "Ол бірден ауруханаға жеткізілді, алайда ауруханаға барар жолда оның жүрегі тоқтап қалды", — деп жергілікті БАҚ өкілдері хабарлады. Кеін анықталғандай , қаза тапқан ер адам мас болған. Қазіргі уақытта Қазақстанның сыртқы істер министрлігі істің мән-жайын анықтап жатыр. "Қазір оқиғаның анық-қанығын анықтап жатырмыз. Қосымша ақпаратты кейінірек хабарлаймыз", — деді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров. Бұған дейін Түркия әуежайында суицид жасаған адам Қырғызстан азаматы екені хабарланған еді.