Талай рет аш қалғанмын: Танымал отандық әнші Әли Оқапов бала кезінде көрген қиындықтарды ашық айтты
Бүгінде сахнаның жарық жұлдызына айналған Роза Рымбаеваның тұңғышы Әли Оқапов бала кезінде талай аш қалғанын жасырмады. Көңілге қаяу түсіретін сәттер гастрөлдік сапар кезінде жиі орын алған екен
Әли 2 жасынан бастап жұлдызды анасымен бірге ауыл-аймақты аралаған. Оқапов сәби кезінен-ақ өнер жолының ауыр жол екенін жан-тәнімен ұғынған. «Киінетін, киім ауыстыратын, жуынатын жер болмай қалады. Кей кездері тамақтың өзі болмай қалады. Тамақтың өзі суып кеткен немесе басқа дұрыс емес нәрселер. Балаға енді шынымен дұрыстап қарау керек қой. Өйткені кішкентай кезінде денсаулығы онша мықты емес. Дегенмен кез-келген жерде ұйықтай білу керек. Даңғырлаған жерде ұйықтау білу керек», – дейді Әли. Сондай-ақ осыдан 20 жыл бұрын Роза Қуанышқызының басына түскен жайт бүгінде Мөлдір Әуелбековаға да жақсы таныс. Әнші 2 жасқа таяп қалған ұлын өзімен бірге гастрөлге жиі алып шығатын көрінеді. «Роза Қуанышқызы көрген сайын: «Әй, сен қыз тура мен болыпсың ғой» – дейді, Салтаймен ойнайды. Менің бұрынғы кезімде еске түсіріп жатырсың. Қайта саған қазір жеңіл, дейді. Сендер ұшақпен ұшып барып келесіңдер. Біз деген автобуспен жүретінбіз. Кішкене қиындау болды, дейді балаға», – деп түсіндірді Мөлдір. Сол сияқты Дидар Кәден анасы Лидия Кәденовамен Қазақстанның түкпір-түкпірін аралапты. Алғаш гастрөлге шыққан кезде Дидар небәрі 8 айлық нәресте болған екен. «Қойылымның барлық сөздерін, ойнап жатқан 40 адам ба? 40 адамның барлық сөздерін жатқа білетінмін. Өйткені сахнаның сыртында өстім. Қай кезде жарық жанады, қай жерде музыка қосылады, соның барлығын білетінмін», – дейді Дидар.