Басты жаңалықтар

Головкин: Қарымта кездесуде жеңгеніме сенімдімін, үшінші жекпе-жекке дайынмын

GGG:Төрешілердің шешімі ол басқа мәселе

Геннадий Головкин Сауль Альвареспен үшінші рет жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты. Қазақстандық боксшы 15 қыркүйекте өткен қарымта кездесуіне қатысты пікір білдірді. Айтуынша, ол айқасты өзі жеңуі тиіс болған. “Қарымта кездесуде мен жеңгеніме сенімдімін. Төрешілердің мені жеңілді деген шешімі – менің проблемам емес. Мен бастысы өз жұмысымды атқардым. Альвареске көп және ауыр соққылар жасағанымды білем. Ол агрессивті қимылдағанымен, мені жеңетіндей күрескен жоқ. Сондықтан мен жеңілген жоқпын деп ойлаймын. Және үшінші айқасқа дайынмын”, – дейді Головкин.