Басты жаңалықтар
Астанада әйел кісі 5-қабаттың терезесіне асылып тұрған ер адамды үйге қарай кіргізбей қинады (видео)
- автор kyn.kz
- 30 қыркүйек, 2018
- 350
Терезе жақтауына жармасқан кісі "Шыдай алар емеспін" деп айқайлап көршілерін көмекке шақырды.
Астана қаласының Қарағанды тас жолы бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған оқиға әлеуметтік желілерде жылдам тарап кетті. Онда ер адамды әлде бір әйел кісі үйден терезе арқылы қуғанға ұқсайды.
5-қабаттың терезе жақтауына жармасқан кісі біраз уақыт бойы "Шыдай алар емеспін, кіргізші" деп айқайлаумен болған.
Іштегі әйел кісі үнемі терезені жауып алуға тырысқан, ал жармасып тұрған ер адам айқайлауын тоқтатпады.
Ер адамның өкірген дауысын естіген көршілері де бірден көмекке жинала қалған. Көпшілік ер адам ұстаған терезенің ішкі жағынан жабылып жүріп, оны көтеріп шығарып алды.
Қазірге оқиғаның себебі мен қатысушыларының кім екені анықталған жоқ.