Тұрсынов әншілердің киносы туралы: Өзім ән салғанды ұнатам, бірақ сахнаға шығып, халықты қинамаймын
Тұрсынов әншілікті сауатты жүргізе алмай жүріп, киноға өткен белсенділерге: Қисық аяққа қызыл калош не теңім
Бүгінде кино түсіруге машықтанған жас актерлер мен әні хитке айналып танылған әншілердің қылығын өнерге еңбегі сіңген режиссерлер мен актерлер сынап тастады. "Кино түсіру арзан болып кетті. Қазір екінің бірі кино түсіреді. Мен өзім "Атың шықпаса кино түсір" деп бұрмалап алдым",-дейді режиссер Қанағат Мұстафин. "Әркім кино түсіріп бағын сынап жүр ғой. Барлығы да жақсы дүние шығардық деп ойлап, жақсы кино түсіргісі келетін шығар. Бірақ оны уақыт, көрермен саралап алады, жақсы дүние тарихта қалары хақ",-дейді актриса Шынар Жанысбекова. "Мен өзім өлең айтқанды жақсы көрем. Бірақ сахнаға шығып, көрерменді қинамаймын. Әншілердің кино түсіруінде де сол. Қазақта жақсы сөз бар "Қисық аяққа қызыл кебіс не теңім" деген. Әншілер, КВН актерлері қазір кино түсіріп кетті. Бір жағынан қуану керек. Бір жағынан, Нұртастың кинолары, "Брак брат"деген кино болды. Бірақ оларды кино деп айтуға келмейді. Оны студенттің жұмысы деп қарау керек",-дейді режиссер Ермек Тұрсынов