Альбина Шардарова тойы кезінде өзін сынағандардың сөзіне жылап қалды
Бауыржан Сатов: Үлкен апа-аталарға не жоқ. Үйленген жастарға бақыт тілесе қайтеді?
Танымал жас әнші альбина Шардарова тойы кезінде күйеуі екеуін аяусыз сынаған жұрттың сөзіне ренжіп жылап қалды. Жас келін көйлегін, күйеуін сынап өзіне ауыр сөз айтқандардың кесірінен бірнеше күн көңіл- күйі болмай жүріпті. "Мен көңілім түсіп жылап қаламын. Бауыржан "мән берме" деп ұрысады.",-дейді Альбина. Ал оның күйеуі болса тіптен ашулы. Шаңырақ көтерген жастарға қолдау көрсетпек түгілі кемсіте сөйлеген оқушылардың сөзінен шошыпты. "Апа, аталар, өмірде ештене көрмеген жас студенттер мен оқушыларға не жоқ. Жастар отау құрды, барынша бақыт тілемейтін ба еді мұндайда? Мен елдің "Күйеуі кәрі, тегі күлмеді, Альбинаның қасында тым үлкен, әкесі сияқты. Көйлегінің түрі жаман, талғамсыз" деген сынды сөздерді көріп, халық неге жақсылыққа қуана алмайтын болып қалған деп уайымдадым. рас үлкен көрініп тұрған шығармын, соңғы кезде толып кеттім. Тойда қабағымды түсіруіме себеп болған осындай жайттар",-дейді актер, асаба Бауыржан Сатов.