Екі сағаттық танысына бүйрегін берген әйел жомарттығымен көпті тәнті етті (фото)
АҚШ-тың Миннесота штатында 36 жастағы әйел бейтаныс азаматқа бүйрегін беріп, қайырмды іс жасады
Миннесота штатында 36 жастағы екі баланың анасы Кристин Дэйбарда танысқан азаматпен сөйлесіп отырып, оған тез арада бүйрегін алмастыру керек екенін біледі.
Азамат екі жылдан бері ауыр дертке шалдыққан екен. Ал әйел оны танығанына небары екі сағат өтсе де, ойланбастан өз мүшесін беріп, аман алып қалуды жөн көреді.
Кристин өз шешімін науқас жігітке бірден айтпаған. Ол алдымен денсаулығын тексертіп, барлық анализі жақсы шыққан соң ғана танысын қуантыпты.
"Шынымды айтсам, мен отадан қорықпадым. Барлық мәліметпен танысып шыққан соң шешіміме сенімді болдым", - дейді Кристин Дэй.
Осылайша, жарты жыл өткен соң Дэй өзінің досына бүйрегін беріп, оның өмірін аман сақтап қалды.
Әйел алғашқы уақытта біраз ауырсыну сезімдерін бастан өткергенімен, шешіміне еш өкінбейтінін айтады.