Басты жаңалықтар

Әнші Қарақат Әбілдина кенже қызының  қылығын көрсетіп, көпті тәнті етті (видео)

4 ұлдан кейін қыз босанып, арманына жеткен Қарақат Әбілдина күні кеше 1,5 жасар қызының тәтті қылығын көрсетіп желі қолданушыларын баурап алды

https://www.instagram.com/p/BoZKOBVAYZb/?utm_source=ig_web_copy_link “Сыртта жүргенде бөпемнің неше түрлі қылықтарын телефонымнан тамашалап осылай сағынышымды басып-басып аламын. Өзі бөпе бола тұра бөпесін тербетіп отыр, ботам сол. Болашақта ана болатынын титтейінен түйсіндіріп қойған шебер Алланың құдыретін айтам-ау, МашаАллаx”, – деп бөлісті Қарақат желідегі парақшасында. Желі қолданушылары Аяланың әрекетін жақсылыққа балап, Қарақат тағы да балалы болуы мүмкін деп болжады. Есейіп қалған Аяланы көріп, көзайым болғандарын жеткізді.