Наурыз айындағы ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзғаны үшін тестілеуден шеттетілді
Наурыз айында өткен ҰБТ-ға 117 мың талапкер қатысты. Олардың 71,6 %-ы тестілеуді қазақ, 28,3%-ы орыс және 111 адам ағылшын тілінде тапсырды. Тестке қатысушылардың 67,11 %-ы шекті балл жинаған, деп хабарлайды Kyn.kz.
